Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2023 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Свободное ауылының "Қарлығаш" бөбекжайы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою";
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау".
2023 жылы бөбекжаймен 26 Мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетілді. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://ds0002.esil.aqmoedu.kz/news/index/type-3
Ақпараттық стенділерде, көрсетілетін қызметті алушы үшін қолжетімді жерде мемлекеттік қызметтер көрсету талаптарының тізбесі орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы жария талқылау ресми интернет-ресурста орналастырылған.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Свободное ауылының "Қарлығаш" бөбекжайы " МКҚК халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша ай сайынғы негізде жұмыс жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары жүргізіледі.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы " Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Свободное селосының "Қарлығаш" бөбекжайы " МКҚК жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады.