“ МҰЗ ЖҮРУ ЖӘНЕ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРМЕН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Біздің Ақмола облысы су қорларына бай. Облыс картасында 111 өзен, 494 көл және 149-ден астам су айдындары бар.
Көктемгі су тасқыны уақыты жақындап келеді. Өзендерде мұз жұқарып, үстінен күн “жеп”, астынан су ағысы қажайды. Оның үстінен жүру өте қауіпті: мұз әр сәтте аяқ асты сықырымен опырылып, жоғарыдан жабылып қалуы мүмкін. Бұл кезде шағын мұз қатқан жерлер өте қауіпті, онда шұңқыр, ор, құдықтар болуы мүмкін.
Көктемгі су тасқыны балаларға үлкен қауіп төндіреді. Ата-аналардың және ересектердің бақылауынсыз қалып, қауіпсіздік шараларын білмегеннен кейін, балалардың әуестік сезімінен қауіпсіздік сезімі төмен болады, олар жарлы жағаларда, ал кейде су айдынындағы мұз үстінде ойнайды.
Жас өспірімдердің кейбіреулері жұқа мұздың үстінде балық аулайды. Мұндай бейқамдық қайғылы жағдайға әкеледі. Көктемде балалар ойнайтын жерлерге бақылауды күшей ту керек. Осы мерзімде балаларға су айдындарына бармауы қажет. Әсіресе, қоршалмаған және ескерту белгісі жоқ, терең ойлы және ойпаң жерлер өмірге қауіп төндіреді. Сол себептен осы мерзімде мына нәрсені есте сақтау керек:
- көктемгі мұздан түсіп кету оңай;
- мұз үстіне шығар алдында оның мықтылығын тексеру қажет, өзіңе сенімді
болуы үшін оны бір ұрып тексеру керек;
- мұздың жылдам, тез еруі су жағаларынан басталады;
- қар жапқан көктемгі мұз тез арада босаңдау кесекке айналады.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
көктемгі мерзімде алыстағы су айдынына шығуға;
мұз ағымы кезінде өзеннен өтуге;
өзендерде мұз жиналған жерлерге жақындауға, жарлы жағада тұруға;
мұзды бөгеттерге жақындауға, ойылған мұзды жағадан итеруге, өзеннің және басқа су айдындарының тереңдігін өлшеуге, опырылған бөлек мұздың үстінен жүруге және сырғанауға (балалар жүзу құралдарын және иесіз қайықтарды, алғашқы суда жүзуге жиі пайдаланады)
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Балаларды өзендерге, әсіресе, сең жүрген кезде ересектердің бақылауынсыз жібермеңіздер, оларға өзен және көлдердің мұздан ашылар кезінде мұздың үстінде болудың қауіпті екенін ескертіңіздер. Естеріңізде болсын, су тасқыны кезінде, сең жүргенде бақытсыз жағдайлар балаларда жиі болады. Балаларға су тасқыны кезіндегі ереже тәртібін түсіндіріңіздер, судың басында қияңқылық жасатпаңыздар, желікпелікке жол бермеңіздер. Қолдан жасалған салдарда, тақтайларда, бөренелерде, әлде жүзіп жүрген мұзда жүзуге рұқсат бермеңіздер. Ойылған мұз, суық су, тез ағымы бар жер қазаға ұшыратады. Балаларға сең жүргенде және көктемгі су тасқыны кезіндегі қауісіздік шараларын түсіндіріңіздер. Бұған ұсынылған шығармалардың тақырыптарын, диктанттарды, сайыстарды, сурет сабақтарын, “Мұзда және суда ереже тәртібін сақтау, апатқа ұшырығандарды құтқару әдістерін және оларға көмек көрсету туралы” әнгімелерді арнау қажет.
Оқушыларды қайғылы жағдайларға әкелетін судағы оқиғалардың алдын-алу үшін барлық мүмкіншілік жасау әрбір мұғалімнің міндеті.
Назар аударыңыз!
Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпандар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер.
Жарлы және шайылымды жағада тұрмаңдар-олар опырылып кетуі мүмкін.
Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды.
Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болыңдар.
Өз өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!
Мұз ерігінде, өзен мен көлдер тасыған кезде су айдындарында ереже тәртібін сақтаңдар!
«Ақмола обласы ТЖД жедел – құтқару жасағы» ММ тағыда ата-аналарға, тәрбиешілерге және ұстаздарға үндеу тастайды сең жүргенде және көктемгі су тасқыны кезінде алдын-ала болдырмау шараларын тек қана бірігіп жасаумен балалар және оқушыларды дер кезінде бақытсыз жағдайлардан сақтап алып қаламыз.