Бөбекжайда тұрақты түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыс келесі мақсаттар мен міндеттерді орындауға бағытталған.
Мақсаты: қызметкерлер мен ата-аналардың арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді іс-қимыл жасауға дайын тұлғаны тәрбиелеу.
Міндеттері: бөбекжайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесін дамыту; бөбекжайда сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың адамгершілік-психологиялық ахуалын жасау;сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеудің педагогикалық әдістерін жетілдіру; сыбайлас жемқорлық құбылыстарына белсенді қарсы тұруға қабілетті патриот пен азаматты қалыптастыруға жәрдемдесу.
Педагогтармен жұмыс: "Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"тақырыбында ұжымның өндірістік жиналысы өткізілді Ата-аналармен жұмыс: папкалар, буклеттер, жадынамалар арқылы топтарда ата-аналармен жұмыс. Ата-аналар бұрыштары мен бөбекжай холлындағы стендтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпаратқа халықтың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша нормативтік-құқықтық актілер орналастырылған.
Балалармен жұмыс: Мектепке дейінгі балалық шақ-тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңі. Осы жылдары бала қоршаған өмір туралы алғашқы білімді алады, адамдарға деген көзқарасы қалыптаса бастайды, дұрыс мінез-құлық дағдылары дамиды . Мектепке дейінгі мекеменің міндеті-балаға мейірімділік, жанашырлық, құрмет, жауапкершілік сезімін түсіндіру. Шығармалардың мысалында балаларға адамгершілік бағдарларды үйрету Ертегілер арқылы мектепалды топ балалары, жемқорлық ұғымымен танысты, "таза алақандар" акциясы балалар мен ата-аналармен бірлесіп 3-4 жастағы балалармен " Не жақсы, не жаман?", "жемқорлықсыз әлем" суреттер көрмесі ұйымдастырылды.