Шығармашылық топтың жұмысы.

17.11.2026

«Ертегі – 2–3 жастағы балалардың сөйлеу белсенділігін дамытудың құралы» 🧸


Балабақшамыздың шығармашылық тобының жұмыс жоспарына сәйкес педагогтің өзін-өзі дамыту тақырыбы бойынша іс-шара өткізілді.
Тәрбиеші Дүйсенбаева Майгүл Әнуарбекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, педагогтерді театрдың әртүрлі түрлерімен, көрнекі материалдармен және ерте жастағы балалармен жұмыс барысында қолданатын ойын тәсілдерімен таныстырды.
Ертегілер мен театрландырылған әрекеттер арқылы бүлдіршіндердің сөйлеу белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту, еліктеу дағдыларын қалыптастыру, сұрақтарға жауап беруге және өз ойын жеткізуге үйрету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🌟 Ертегі – балалардың қиялын дамытып қана қоймай, олардың тілін дамытудың тамаша құралы!

Просмотров: 17


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу