Текст
28.10.2025
Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шара салтанатты және қуанышты атмосферада өтті.
Мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
Педагогтар балаларға мерекенің тарихы, Тәуелсіздіктің маңызы мен еліміздің жетістіктері туралы айтып берді.
Іс-шараға балалар белсенді қатысты: Отан, табиғат және Қазақстан халқы туралы өлеңдер оқыды; "Менің Отаным – Қазақстан", "Туған жер"әндерін орындады;
Қазақстан халықтарының билеріне қатысты; ұлттық ойындарға қатысты
Балалар туған елі, қазақ халқының Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтті.
Тәрбиеленушілерде өз Отанына деген мақтаныш, Қазақстан мәдениеті мен тарихына деген құрмет сезімдері қалыптасты.